Таразда бокстан өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының жартылай финалында Сұлтанбек Айбарұлы қарсыласын нокаутқа түсірді, деп жазады Sportbugin.kz.
85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Тимур Нұрсейітов пен алматылық Сұлтанбек Айбарұлы жекпе-жек өткізді.
Жекпе-жектің алғашқы раунды Тимур Нұрсейітовтің басымдығымен өтсе, екінші раундта Сұлтанбек Айбарұлы таразы басын теңестірді. Ал шешуші үшінші раундта алматылық боксшы қарсыласын таза нокаутпен жеңіп, финалға жолдама алды.
Осылайша, Сұлтанбек Айбарұлы Қазақстан чемпионатының финалына шықса, Тимур Нұрсейітов жарысты қола жүлдемен аяқтады.
