Санжарәлі Бегалиев пен Өнер Сейілхан бокстан Қазақстан чемпионатының 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медальді сарапқа салды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Кездесудің алғашқы раундында Өнер Сейілхан басым түссе, екінші және үшінші раундта төрешілер Санжарәлі Бегалиевтің өнерін жоғары бағалады. Нәтижесінде Бегалиев 3:2 есебімен жеңіске жетіп, Қазақстан чемпионы атанды.
Қос боксшы да 2024 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарған.
Айта кетейік, Санжарәлі Бегалиев бұған дейін Әлішер Ерметовтің қол астында жаттыққан. Қазір ол ағайынды Сабырхандардың бапкері Ілияс Оралбековтің жетекшілігімен жаттығып жүр.
