Әсем Орынбай стенд атудан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында үздік бестікке еніп, ел қоржынына алғашқы Олимпиада жолдамасын салды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Шешуші кезеңде отандасымыз 24 нысананың 20-сын дәл көздеп, қорытынды есепте бесінші орынға тұрақтады.
Осылайша, Әсем Орынбай Қазақстанға стенд атудан алғашқы Олимпиада жолдамасын қамтамасыз етті.
Жарыс қорытындысы бойынша Қытай өкілдері Цзян Итин мен Чэ Юйфэй бірінші және екінші орындарды иеленсе, словакиялық Моника Штибрава үздік үштікті түйіндеді.
