Ресейлік боксшылар 2024 жылғы Париж Олимпиадасында бейтарап жағдайда өнер көрсетпейтін болды.
Ресей бокс федерациясының бас хатшысы Татьяна Кириенко спортшылар іріктеу жарыстарына қатысудан бас тартқанын айтты.
«Ресейлік боксшылар ешқашан жарысқа бейтарап түрде бармайды. Біз өз Отанымызға сатқындық жасай алмаймыз. Біз ешкімді айыптамаймыз, бірақ бізде нақты қалыптасқан ұстаным бар. Бұл барлық боксшының пікірі», — деді Кириенко.