Түркістан облысы күрес федерациясының медиа саласы бойынша вице-президенті, Мансар Орынханның жұбайы әлеуметтік желіде күйеуіне қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Жұбайының сөзінше, Мансар Орынхан бірнеше күн бойы үйге келмей, хабарсыз кеткен. Сондай-ақ оны барлық жерден бұғаттап тастаған.
«Бәлкім, қазір эмоциямен жазып отырған шығармын… Үйге қонбайды, хабарсыз кетеді, барлық жерден бұғаттайды. Алты күн өтті, Алматыда жүргенін білемін. Бірақ мен өз өмірімді сүремін. Оның жоқтығынан өмір тоқтамайды. Және бұл бірінші рет емес!
Кеше тойға бардым, сол кезде ғана байланысқа шықты. Қазір өзіне айтарым біреу: егер таңдауың басқа болса, үйді бізге қалдыр. Бізді таңдамағаның үшін үш баламен тентіретпе. Мен бұл үйден кетпеймін, қусаң да», — деп жазды ол.
Жайдарманшының өзі жұбайының мәлімдемесіне қатысты ешқандай пікір білдірген жоқ.
Айта кетейік, Мансар Орынхан 2026 жылдың сәуір айында Түркістан облысы күрес федерациясының медиа саласы бойынша вице-президенті қызметіне тағайындалған болатын.
