«Барселона» командасының шабуылшысы Ламин Ямаль Қазақстанды Әзербайжанмен шатастырып алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Әлеуметтік желіде жарияланған видеода испаниялық футболшы көшеде кездескен адамдарға құлаққап таратып жүргені көрінеді. Сондай-ақ ол арнайы «алтын билет» дайындаған. Оның иегері Чемпиондар лигасының матчына екі билет пен футболшының қолтаңбасы қойылған бутсыға ие болады.
Жеңімпаздың қай ойынға бара алатыны туралы сұраққа жауап берген Ямаль Қазақстанды атаған.
«Егер таңдау өзіме байланысты болса, оларға Қазақстандағы матчқа билет беріп, сол жаққа жіберер едім. Қазақстандағы ойынға барсын», — деді футболшы.
Алайда «Барселонаның» ойын күнтізбесіне сәйкес, футболшы Әзербайжанға сапарды меңзеген. Каталониялық клуб Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші тур аясында 25 қарашада Бакудегі Олимпиадалық стадионда «Сабах» командасымен кездесуі тиіс.
