Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Самат Смақов Португалия жұлдызы Криштиану Роналдумен байланысты қызықты оқиғаны еске алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Оқиға 2008 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Португалия мен Қазақстан құрамалары арасындағы матчтан (3:0) кейін болған.
Сол кезде Қазақстан ұлттық құрамасында өнер көрсеткен, бүгінде «Ордабасы» клубының спорт директоры қызметін атқаратын Қайрат Әшірбеков Криштиану Роналдудың өзін таңғалдырған көрінеді.
Белгілі болғандай, қазақстандық футболшы сыра бөтелкесін ерекше тәсілмен ашып, португалиялық жұлдыздың назарын аударған. Роналдудың сол сәттегі таңданысы есте қаларлықтай болған.
