Боксшы Ақнұр Тұрсынғали Дакарда өтіп жатқан жазғы жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Отандасымыз 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Бразилия өкілі Сара Кампоспен қолғап түйістірді.
Жекпе-жектің алғашқы раундында Ақнұр басымдық танытқанымен, екінші және үшінші раундтарда бразилиялық боксшы бастаманы өз қолына алды. Нәтижесінде Сара Кампос 4:1 есебімен жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді.
Осылайша, Ақнұр Тұрсынғали жасөспірімдер Олимпиадасын күміс жүлдемен аяқтады.
Айта кетейік, медаль табыстау рәсімі кезінде қазақстандық боксшы көз жасына ерік берді.
