Боксшы Бибарыс Әшірбай Дакарда өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Ұлыбритания өкілі Майкл Моэнмен кездесті.
Жекпе-жек барысында британдық боксшы басымдық танытып, төрешілер шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Бибарыс Әшірбай жарыстың күміс жүлдегері атанды.
Айта кетейік, бұл — Қазақстан құрамасының жасөспірімдер Олимпиадасындағы екінші күміс медалі. Бұған дейін Ақнұр Тұрсынғали (57 келі) финалда жеңіліп, екінші орын алған болатын. Бұған дейін дзюдошы Фатима Сұпығалиева мен велошабандоз Әнел Тәшбай алтын медаль иеленсе, таеквондошы Любовь Юн, триатлоншы Рамазан Әйнегов және боксшы Марал Төлепберген қола жүлдеге қол жеткізген еді.
