World Boxing халықаралық ұйымы боксшылардың жаңартылған әлемдік рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Жаңа рейтингте отандасымыз Төрехан Сабырхан 70 келіге дейінгі салмақта көш бастады.
Қараша айындағы рейтингте 2025 жылғы әлем чемпионы әрі 2026 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы 2425 ұпай жинаған. Екінші орында 2000 ұпаймен Иордания боксшысы Зейяд Ишаиш тұр. Ал үздік үштікті 1450 ұпай еншілеген жапониялық Севон Окадзава түйіндеді.
Айта кетейік, Төрехан Сабырхан Жапонияда Азия ойындарында топ жарған болатын. 70 келіге дейінгі салмақтың финалында ол Иордания өкілі Зейяд Ишаишті төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңді.
