Алексей Урманов қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровпен келісімшарт аяқталуына қатысты пікір білдірді, деп жазады Sportbugin.kz.
Урмановтың айтуынша, олардың Франциядағы турнирден кейінгі әңгімесі сәтсіз аяқталған.
«Мен оған кез келген уақытта кездесіп, сөйлесуге дайын екенімді айттым. Алайда Михаил кездесуге келмей, бірнеше күннен кейін телефон арқылы хабарласып, екеуміздің бірлескен жұмысымызды тоқтататынын жеткізді.
Мен бұл жағдайға себеп болған ештеңе істеген жоқпын. Сондықтан ақталудың да қажеті жоқ. Бірге жұмыс істеген он жылға жуық уақыт ішінде жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, Олимпиаданың алтын медаліне дейін жеттік. Мен оған осы үшін алғысымды білдірдім», – деді Урманов «Бес допинга» Telegram-арнасына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Михаил Шайдоров 2018 жылдан бері Алексей Урмановтың жетекшілігімен жаттықты. Маманның қол астында қазақстандық спортшы 2026 жылғы Олимпиада чемпионы атанып, 2025 жылы төрт құрлық чемпионатында алтын, әлем чемпионатында күміс және Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды.
