Бокстан үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай көптен бері армандап жүрген жеке бокс залын ашты. Спортшы қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Боксшының айтуынша, әзірге залдың ресми ашылу салтанаты өтпегенімен, жаттығу жұмыстары басталып кеткен. Қазір мұнда балалар мен ересектер, ерлер мен әйелдер бокс үйірмелеріне қабылданып жатыр.
«Сіздермен қуанышты жаңалығымды бөліскім келеді. Көп жылдан бері өзімнің бокс залымды ашуды армандап жүрдім. Қолдау көрсеткен жандардың көмегімен сол арманым орындалды. Әзірге ресми ашылу салтанаты өткен жоқ, бірақ залымыз жұмысын бастап кетті. Қазір балаларды, ересектерді, ерлер мен әйелдерді бокс үйірмесіне қабылдап жатырмыз. Бокспен айналысқысы келетіндердің барлығын залымызға шақырамын», — деді Назым Қызайбай.
Айта кетейік, Назым Қызайбай — әйелдер боксы тарихында үш дүркін әлем чемпионы атанған алғашқы қазақстандық спортшылардың бірі. Ол 2014, 2016 және 2025 жылдары әлем біріншілігінде алтын медаль жеңіп алған. Сондай-ақ Париж Олимпиадасының қола жүлдегері.
