Ташкентте дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Қазақстан құрамасы жарысты бір алтын және бір қола медальмен аяқтап, жалпыкомандалық есепте үздік ондыққа енді.
100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Санжар Ерұланұлы әлем чемпионы атанды. Ол финалда Жапония өкілі Шокей Хираноны жеңіп, алтын медаль иеленді.
Ал осы салмақта сынға түскен тағы бір қазақстандық балуан Асқар Біржанов қола жүлдеге қол жеткізді. Ол үшінші орын үшін өткен белдесуде Испания өкілі Никита Юдановтан басым түсті.
Айта кетейік, Санжар Ерұланұлы бұған дейін 2024 жылы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында да топ жарған. Осылайша, ол екі жас санатында да әлем чемпионы атанды.
