Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Таиландта өтіп жатқан халықаралық турнирде екі алтын жеңіп алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Марлен Тулеш 71 келіге дейінгі салмақта қарсыластарынан басым түссе, Арыстан Темерғали 110 келіге дейінгі салмақта топ жарды.
Айта кетейік, бұған дейін U20 санатында Еркебұлан Анапия (82 келіге дейін) мен Данияр Қанағатбек (72 келіге дейін) алтын медаль иеленген болатын.
Осылайша, қазақстандық балуандар халықаралық турнирде төрт алтын жүлде иеленді.
