Нариман Курбанов Мәскеудегі халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды, деп жазады Sportbugin.kz.
Қазақстандық гимнаст ат снарядындағы жаттығуда сәтті өнер көрсетіп, 15,066 ұпай жинады. Осы нәтижесімен отандасымыз жарыстың алтын жүлдесін иеленді.
Күміс медальді 14,300 ұпай еншілеген ресейлік Ранель Сафиуллин жеңіп алса, қола жүлде 13,866 ұпай жинаған Даниел Мариновқа бұйырды.
Айта кетейік, халықаралық турнир Ресей астанасы Мәскеу қаласында өтіп жатыр.
Нариман Курбанов Ресейдегі жарыста топ жарды.
