Мадридтік «Реалдың» жартылай қорғаушысы Федерико Вальверде қазақстандық журналистен ерекше сыйлық алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Журналист Әли Қайып уругвайлық футболшыға Қазақстан шоколадын ұсынып, есесіне оның ойын формасына ие болды.
Кездесу «Реал» мен ПСВ арасындағы Чемпиондар лигасының матчынан кейін болған. Осы сәтті пайдаланған журналист мадридтік клубтың жетекші ойыншыларының біріне отандық тәттіден дәм татқызуды жөн көрген.
Айта кетейік, Федерико Вальверде 2017 жылдан бері мадридтік «Реал» сапында өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт аралығында ол команданың негізгі ойыншыларының біріне айналып, клубпен бірге Чемпиондар лигасы мен Испания чемпионатында бірнеше мәрте топ жарды.
