1-7 желтоқсан аралығында Орал қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталады, деп жазады Sportbugin.kz.
Ел біріншілігінде Қазақстанның әр өңірінен келген 700-ден астам балуан 30 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады.
Жарыс қорытындысы бойынша 2027 жылы ұлттық құрамаға енетін балуандардың есімі де белгілі болады.
Айта кетейік, Қазақстан чемпионаты «Жайық Арена» спорт кешенінде өтеді.
