Бокстан жастар құрамасының бас бапкері, Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев U19 санатындағы Қазақстан чемпионатына баға берді, деп жазады Sportbugin.kz.
«Былтыр ел чемпионатын тамашалай алмадым. Биыл 20 өңірден жиналған
346 боксшының өнерін өз көзіммен көріп, бағалауға мүмкіндік алдым. Жалпы чемпионатқа орташа баға беремін. Кейбір салмақтардағы бәсекелестік көңілімнен шықты.
Жеңіл салмақ дәрежелерінде 50-ден астам боксшы тіркеліп, кей спортшыларға чемпион атану үшін 5-6 жекпе-жек өткізуге тура келді. Ал кейбір салмақтарда айқын көшбасшыны байқай алмадым», — деді Бақыт Сәрсекбаев журналист Қанат Байұзақовқа берген сұхбатында.
Айта кетейік, Бақыт Сәрсекбаев 2026 жылдың 10 қаңтарында жастар құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалған болатын.
