Бокстан Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері қызметіне Қайрат Сәтжанов тағайындалмақ. Бұл ақпаратты Sportbugin.kz тілшісіне бапкердің өзі растады.
«Жастар құрамасына шақырту алғаным рас. Бұйырса, жақын арада жұмысты бастаймыз. Қазір Түркістанда Бекзат Саттархановты еске алуға арналған турнирде жүрмін», — деді Сәтжанов.
Айта кетелік, Қайрат Сәтжанов Қазақстан ұлттық құрамасын да жаттықтырды. Оның жетекшілігімен Теміртас Жүсіпов пен Сәкен Бибосынов әлем чемпионы атанған еді.