Әйелдер боксынан Қазақстан командасының бұрынғы мүшесі Ангелина Лукас Астанада өтетін спаррингтік турнирге қатыспайтын болды, деп жазады Sportbugin.kz.
Бұл туралы боксшы желідегі ресми парақшасында хабарлады.
«Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Ангелина Лукас және оның командасы Олимпиада комитеті мен бокс федерациясына көрсеткен қолдауы мен спаррингке шақырылымы үшін алғыс білдіреді.
Қазіргі кезде Ангелинаның кәсіпқой бокстағы тығыз дайындық кестесі мен келісімге қол қоюына байланысты, 25-сәуірге дейін әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жектің шығуы тиіс.
Жаңа басшылықтың келуімен ҚБФ-да айтарлықтай өзгерістер байқалуда. Ангелина және оның командасы жұмыстарыңызға жеміс тілейді», — делінген хабарламада.
Айта кетелік, Ангелина Лукас ұлттық құраманы жиі сынайтынымен танымал. Алайда, өзіне мүмкіндік берілген сәтте, ол жарысқа қатысудан бас тартып отыр.