Еркін күрестен екі дүрін Олимпиада, бес дүркін әлем чемпионы Абдулрашид Садулаевқа Халықаралық Олимпиада комитетінің не үшін тыйым салғаны белгілі болды, деп жазады Sportbugin.kz.
Жақында Садулаевтың Бакуде өтетін Олимпиадаға іріктеу сынына қатыспайтыны анықталды.
4 сәуір күні Біріккен күрес әлемінің (UWW) арнайы комиссиясы Садулаевтың Ресейдің Украинаға ашқан соғысын құптайтынын жазды.
Сондай-ақ, әйгілі балуан «Динамо» әскери клубымен байланысты болған.
Қазіргі таңда Абдулрашид Садулаев Бакуге бармай, Дағыстандағы үйіне қайтты.
Ал оның салмағында Алихан Жабраилов күреседі.