Юсуф Ашрапов грек-рим күресінен
23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп жазады Sportbugin.kz.
АҚШ-та өтіп жатқан әлем біріншілігінде 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз финалдық белдесуде Армения өкілі Гаспар Тертерянды жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен U23 әлем чемпионатында екінші алтын медальға қол жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақта белдескен Айбек Айтбеков те әлем чемпионы атанған еді.
