Screenshot
Оралдық «Жайық» волейбол клубының директоры Азамат Нұрмұхамбетов мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Ол I топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасағаны үшін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алып келгенін айтып, әлеуметтік көмектің шын мәнінде мұқтаж азаматтарға көрсетілуі керектігін атап өтті.
«Мен, Нұрмұхамбетов Азамат Мадиярович, “Жайық” волейбол клубының директоры, I топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасағаны үшін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алушымын.
Жүргізіліп жатқан әлеуметтік реформаны қолдаймын. Бұл реформа әлеуметтік көмек шын мәнінде мұқтаж азаматтарға көрсетілуі тиіс деген қағидаға негізделген.
Мемлекеттік қолдау атаулы сипатқа ие болып, ең алдымен көмекке аса мұқтаж азаматтарға көрсетілуі керек деп есептеймін. Осы қағидаларды басшылыққа ала отырып, аталған жәрдемақыны алудан өз еркіммен бас тарту туралы шешім қабылдадым.
Әлеуметтік көмекті бөлудің атаулы тәсілі өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарды тиімдірек қолдауға мүмкіндік беретініне сенімдімін», — деп жазды.
