Бішкекте өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында грек-рим күресінен екі қазақ балуаны қола медальға таласады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
60 келі салмақтағы Ғалым Қабдунассаров жарыс барысында әлем чемпионатының қола жүлдегері Ким Сангакты ұтқанымен, жартылай финалда жапондық Киато Инабаға 4:8 есебімен жол берді.
72 келідегі Әділхан Сатаев ирандық Рустамиден 0:10 есебімен ұтылып, белдесуді мерзімінен бұрын аяқтады.
Енді екі балуан турнирдің қола жүлдесіне таласады.