Грек-рим күресінен 4 қазақ балуаны Бішкектегі іріктеу турнирінің жартылай финалында белдеседі, деп жазады Sportbugin.kz.
Қазақстан сапынан төрт балуан жартылай финалға жетті. Олар — Айдос Сұлтанғали (60 келі), Мейіржан Шермаханбет (67 келі), Демеу Жадыраев (77 келі) және Әлімхан Сыздықов (130 келі).
Ширек финалда Сұлтанғали тәжік балуанын 2:1 есебімен жеңсе, Шермаханбет былтырғы Азия чемпионы Аброр Атаебаев 6:3 есебімен сан соқтырды.
Демеу Жадыраев пен Әлімхан Сыздықов жартылай финалда түркіменстандық балуандардыайқын басымдықпен ұтты.
Ал 97 келідегі Олжас Сырлыбай бірінші белдесуде жеңіліп қалды.
Жартылай финал жұптары:
60 келі: Айдос Сұлтанғали — Джи Ши Хуанг (Қытайлық Тайпей)
67 келі: Мейіржан Шермаханбат — Киоатро Сагобе (Жапония)
77 келі: Демеу Жадыраев — Довон Ли (Оңтүстік Корея)
130 келі: Әлімхан Сыздықов — Роман Ким (Қырғызстан)