Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан көркем гимнастикадан Азия біріншілігінде Қазақстан құрамасы алғашқы медаліне қол жеткізді, деп жазады Sportbugin.kz.
Топтық жаттығудан өткен көпсайыста қазақстандықтар қола жүлдегер атанды.
Біздің спортшылар 5 шығыршық жаттығуы үшін 32.05 ұпай алса, 2 доп, 3 таспа жаттығуында 29.25 ұпай еншіледі.
Айта кетелік, топтық жаттығуда Қазақстан намысын төмендегі спортшылар қорғауда:
Аяулым Кәдір, Аружан Қалсаева, Ақсұңқар Әбдірахман, Баян Қойбағар, Мария Корниенко, София Ан.