Тәжікстан астанасы Душанбеде өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam турнирінде қазақстандық Мағжан Шамшадин финалға шықты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
60 келі салмақта сынға түскен Шамшадин жартылай финалда ресейлік Изнаур Сааевпен кездесіп, қосымша уақытта жеңіске жетті. 11 минутқа созылған қосымща уақытта қарсылас спортшы үш рет шидо алып, жеңіс Мағжанға берілді.
Финалда Мағжан Шамшадин Тәжікстан құрамасының өкілі Мұхаммедсалех Куватовпен алтын үшін күреседі. Куватов жартылай финалда жапондық балуанды таза жеңген болатын.
Бүгін татамиге шыққан тағы да үш спортшымыз жарысты жүлдесіз аяқтап отыр. Олардың қатарында Нұрқанат Серікбаев та бар.
Айта кетелік, Мағжан Шамшадиннің бұл биылғы маусымдағы алғашқы жарысы. Дзюдошы жарақатына байланысты былтырғы қарашадан бері татамиге шыққан жоқ.