Қазақстандық спортшы көркем гимнастикадан жекелей сында өнер көрсетіп, таспа жаттығуында көш бастады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Ташкенттегі Азия чемпионатында Айбота Ертайқызы таспа жаттығуда 32,90 жинап, алтын жүлде иегері атанды.
Күміс жүлдені өзбектандық Тахмина Икромова, қоланы жапондық Рейна Мацусака еншілеген.
Айта кетелік, Айбота Ертайқызы доппен жаттығуда күміс, шығыршықпен жаттығуда қола медаль алды.