Ертуған Зейнуллиновтың бапкері Қайрат Кәрменов шәкіртінің болашағына қатысты пікір білдірді, деп жазады Sportbugin.kz.
«Қазір Азия ойындарынан салмағын алып тастады. Бірақ 2022 жылғы Азия ойындарындағы қола жүлдесі жақында беріледі деген ақпарат бар.
Бокстың көзге көрінбейтін тұстары да бар ғой. Қай елде өтсе, сол елдің боксшысы чемпион болады. Қазір Ертуғанға үлкен бір сынақ беріліп отыр. Ол әлі жарып шығады. Бұйырса, алда әлем чемпионаты, одан кейін Лос-Анджелестегі Олимпиада бар», — деді бапкер.
Айта кетейік, Ертуған Зейнуллинов — әлем біріншілігінің, Азия ойындарының және Азия чемпионатының қола жүлдегері.
