Тәжікстан астанасы Душанбеде дзюдодан Grand Slam турнирі жалғасуда. Екінші жарыс күнінде қазақстандық Дархан Қойбағар жартылай финалға шықты, деп жазады Sportbugin.kz.
73 келіде белдесетін Дархан турнир барысына өзбекстандық Ходжаакбар Тошевті, Оңтүстік Корея өкілі Эункюла Лиді жеңді. Ал ширек финалда моңғолиялық спортшыдан басым түсті.
Дархан Қойбағардың жартылай финалдағы қарсыласы – швейцариялық Нильс Стамп.