Қыздар арасындағы футболдан Қазақстан U-17 құрамасы Минскте өтіп жатқан халықаралық турнир УЕФА «Даму кубогында» Әзірбайжан құрамасын жеңді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Команда 25-30 сәуір аралығында біздің қыздар Талғарда оқу-жаттығу жиынын өткізді. Мария Ялованың шәкірттері жарыста Түркия, Әзербайжан және Беларусь құрамаларына қарсы ойнау жоспарланған. Алғышқы Түркия құрамасына қарсы ойында ұлттық құрама 0-5 есебімен жеңіліс тапты. Ал Әзірбайжан құрамасына қарсы өткен ойында пенальти сериясында қарсыласынан (1:4) басым түсті.
Енді 7 мамыр құрама Беларусь командасына қарсы ойнайды.
Айта кетейік, Даму кубонының регламенті бойынша. Негізгі уақыт аяқталған соң пенальти сериясы болады. Негізгі уақыттағы жеңіс үшін 3 ұпай, пенальтиден – 2 ұпай беріледі.