10-12 мамар аралығынла Астанада өтіп жатқан дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысың екінші күні басталды. Қазақстан спортшылары белдесулерін сәтті бастады, деп жазады Sportbugin.kz.
Жеребе бойынша 81 келіге дейінгі салмақта жарыс үздігі ретінде екінші айналымнан бастаған Абылайхан Жұбаназар бірінші қарсыласын айқын жеңді. Осы салмақта өнер көрсететін қазақ спортшысы Руслан Мусаевта екі айналымнан сүрінбей өтіп келеді. Ерлер арасындағы 73 келіге дейінгі салмақта Дархан Қойбағар, Абдрахманов Бахытжан мен Шаяхметов Дастан тартысты белдесулерін жалғастыруда.
Қыздар арасында Екатерина Токарева мен Самалай Ерғалиева келесі айналымға өтті.
Айта кетейік, қыздар арасында Эсмигуль Куюлова жарыс жолынан ерте шығып қалды.