1-10 мамыр күндері Ақтауда облыстық және Астана, Алматы мен Шымкент қалаларының 2010 ж.т. жасөспірімдер құрамалары арасында футболдан Қазақстан чемпионаты өтті, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Жарыста 12 команда бақ сынады. Нәтижесі төмендегідей:
1. Ақтөбе облысы
2. Алматы облысы
3. Астана
Чемпионат қорытындысы бойынша жеке номинациялар анықталды:
Үздік қақпашы – Анатолий Семенов (Маңғыстау облысы)
Үздік қорғаушы – Абылай Орын (Ақтөбе облысы)
Үздік жартылай қорғаушы – Эмир Жолдасбек (Астана)
Үздік шабуылшы – Кенжин Алинұр (Ақтөбе облысы)
Сұрмерген– Жанай Серікқұл (Алматы облысы)
Үздік ойыншы – Дамир Әміров (Алматы облысы)