Ертең Өзбекстан астанасы Ташкент спорттық гимнастикадан лицензиялық Азия біріншілігін қабылдайды. Құрлық додасына Қазақстан құрамасы да қатысады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Ташкент төрінде төмендегі спортшылар ел намысын қорғайды:
Милад Карими, Нариман Құрбанов, Ілияс Азизов, Фарух Нәбиев, Дмитрий Патанин және Диас Тойшыбек.
Команда сапында Карими көпсайыстан, Құрбанов ат снарядынан Олимпиада жолдамасын алып қойған. Қалған спортшылар құрлыққа бөлінген бір жолдамаға таласады.