Қазақстандық жас теннисшілер ITF (Халықаралық теннис федерациясы), TE (Еуропа теннисі) және ATF (Азия теннис федерациясы) жасөспірімдер рейтингісінде жоғары көтерілді.
Әмір Омарханов 18 жасқа дейінгілер арасында ITF Juniors рейтингісінде бұрынғыша 14-орында тұр. Даниал Рахматуллаев — 73, қыздар арасында Соня Жиенбаева — 29, Асылжан Арыстанбекова 40-сатыда.
Tennis Europe рейтингісінде 14 жасқа дейінгілер арасында Родион Трайгель — 28, Роберт Каминский — 33, Аңсар Ниетқалиев — 81, Ахмади Маханов — 83, қыздардан Линара Бөлешева — 60, Руслана Русланова 95-сатыға жайғасты.
ATF рейтингісінде 16 жасқа дейінгілер арасында Айша Сайран көш бастаса, Аделина Маманфина екінші орында келеді.