Бокстан Астанада өтіп жатқан дәстүрлі «Елорда кубогі» турнирінде финалға шыққан спортшылар түгел анықталды. Олардың қатарында Қазақстан құрамасының үздіктері де бар, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Назарларыңызға ерлер арасындағы финалдық жұптарды ұсынамыз:
48 келі: Асхат Жүсіпов – Аратаке Казума (Жапония)
51 келі: Сәкен Бибосынов – Дамир Әбдіқадыров
54 келі: Кәрім Серкебаев – Тимур Қабдешов
57 келі: Махмұд Сабырхан – Оразбек Асылқұлов
60 келі: Талғат Сырымбетов – Серік Теміржанов
63,5 келі: Набинижад Әли (Иран) – Адхамжон Мұхиддинов (Өзбекстан)
67 келі: Нұрбек Нұрсал – Ихтияр Нышонов (Қырғызстан)
71 келі: Темірхан Тезек – Хавасбек Асадуллаев (Өзбекстан)
75 келі: Армат Арманұлы – Тимур Нұрсейітов
80 келі: Тоқтарбек Таңатхан (Қытай) – Рахматулла Бойматов (Өзбекстан)
86 келі: Нұрбек Оралбай – Мұрад Аллахбердиев (Әзербайжан)
92 келі: Сағындық Тоғамбай — Хан Хувен (Қытай)
+92 келі: Қамшыбек Қоңқабаев – Айбек Оралбай
Аталған кездесулер ішінде Махмұд Сабырхан мен Оразбек Асылқұловтың жекпе-жегі ерекше назар аударады. Себебі, ел Спартакиадасының финалында Махмұд Оразбекті жеңіп, 57 келідегі бірінші нөмірді өзіне алған болатын.
Талғат Сырымбетов пен Серік Теміржанов та ұлттық құрама мүшелері. Теміржанов өзі үшін жаңа салмақта бақ сынап жатыр.
Нұрбек Оралбай өзі жолдама алған 80 келіден уақытша бас тартып, 86 келіде финалға шықты. Егер 80 келіде жұдырықтасқанда, қытайлық қазақ Тоқтарбек Таңатқанмен кездесетін еді.
Сағындық Тоғамбай Ханчжоуда есе жіберген Хан Хувенмен қайта кездеседі. Есе қайта ма?
Ал аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев пен Айбек Оралбайдың жекпе-жегі жанкүйерлер үшін ерекше қызық болмақ.
Финалдық кездесулер ертең өтеді.
Жастар арасындағы Азия чемпионатының жалпыкомандалық есебінде Үндістан және Өзбекстан үздік үштікте.
Қазақстан бокс федерациясының бас серіктесі — «Самұрық Қазына» АҚ, серіктес — «Sport Qory» туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.
Фото: Қазақстан бокс федерациясы