Әбу-Даби қаласында (БАӘ) дзюдодан әлем чемпионаты басталды. Бүгін Қазақстан сапынан 4 спортшы татамиге шығады, деп жазады Sportbugin.kz.
48 келі салмақтағы Ғалия Тынбаева бірінші айналымда бразилиялық Аманда Лиманы «ваззари» ұпайымен жеңіп, келесі кезеңге өтті. Оның ендігі қарсыласы — испаниялық Лаура Мартинс Абеленда.
60 келі салмақтағы Елдос Сметов те екінші айналымға жолдама алды. Ол бірінші белдесуінде вьетнамдық спортшыны шидо санымен жеңді. Сметовтің кезекті қарсыласы — Оңтүстік Корея өкілі Ким Вон Джин.