Вьетнамның Дананг қаласында өткен таеквондодан Азия біріншілігінде Қазақстан құрамасына жалғыз күміс бұйырды, деп жазады Sportbugin.kz.
Командадағы жалғыз медальді Мария Севостьянова жеңіп алды. Ол 57 келі салмақта финалға жетіп, ақтық сында Оңтүстік Корес спортшысына есе жіберді.
Қалған спортшыларымыз жүлдеге іліккен жоқ. Тіпті, бір атлетіміз салмақ өлшеу рәсімінен өтпей қалды.