Дзюдодан әлем біріншілігінің төртінші жарыс күніде Қазақстан командасының өкілдері алысқа шаба алмады, деп жазады Sportbugin.kz.
Бүгін әйелдер арасында екі салмақ дәрежесінде спортшыларымыз татамиге шықты.
70 келідегі Екатерина Токарева алдымен өзбек қызын ұтып, кейін испаниялық қарсыласына жол берді.
Ал 78 келідегі Аруна Жангелдина бірінші кезеңде Ұлыбритания өкіліне есе жіберді.
Ерлер арасындағы 90 келі салмақта Қазақстаннан ешбір спортшы қатысқан жоқ.
Әзірге, Қазақстан қоржынында Абиба Әбужақынова (48 келі) жеңіп алған жалғыз қола медаль бар.