Бұқаралық ақпарат құралдары бұрынғы ресейлік ойыншы Александр Кержаковтың «Қайрат» клубына бас бапкер болатынын жарыса жазып жатыр, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
БАҚ мәліметінше, «Қайрат» пен Кержаков келісімге келіп қойған. Тек ресми түрде хабарлайтын сәтті күтіп отыр.
Айта кетелік, Александр Кержаков Ресей ұлттық құрамасында 2002-2016 жылдар аралығында ойнап, құрама сапындағы үздік сұрмерген атанған.
Сондай-ақ, «Зениттің» сұрмергені де осы Кержаков.
Өкініштісі, ол отбасылық жанжалдармен жиі аты шыққан ойыншы. Бүгінде ол үш рет үйленіп, балаларына алимент төлемей, ұлдарын анасына көрсетпей жүргенімен де танымал.