Дзюдодан Әбу-Дабиде өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы жүлдесіз қалды, деп жазады Sportbugin.kz.
Бүгін татамиге шыққан спортшыларымыздың барлығы да жеңіліс тапты. Соңғы үміт Ерасыл Қажыбаев пен Нұрлыхан Шархан да еді. Алайда, екі спортшымыз да бірінші белдесуден әрі аса алған жоқ.
Нұрлыхан Шархан (100 келі) даниялық Дэниел Эйчке есе жіберсе, Ерасыл Қажыбаев (+100) бахрейндік Азамат Чотчаевтан ұтылды.
+78 келідегі Камила Берліқаш екінші айналымда қытайлық спортшыға жол берді.
Қазақстан ерлер командасында татамиге шыққан алты балуанымыз бірінші белдесуінде ұтылған. 60 келідегі Елдос Сметов қана қола медаль үшін күресіп, жеңіліс тапты. Нәтижесі — 5-орын.
Қыздар командасының ғана емес, жалпы құраманың абыройын жапқан — Абиба Әбужақынова. Ол 48 келі салмақта қола жүлдегер атанды.