Әбу-Дабиде дзюдодан Азия чемпионатының соңғы жарыс күні өтуде. Аралас командалық сында Қазақстан алысқа шаппады, деп жазады Olympic.kz.
Бірінші айналымда қазақстандықтар 2:4 есебімен Германия құрамасына жол берді. Біздің команда сапынан Камила Берліқаш пен Ерасыл Қажыбаев қана қарсыластарын жеңіп, қалған төрт спортшымыз есе жіберген.
Осылайша, Нұрбол Сүлейменов шәкірттері қатарынан екінші әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтап отыр. Қыздар құрамасын Абиба Әбужақынова иеленген қола медаль құтқарып қалды.
Ал аралас командалық жарыста Өзбекстан құрамасы Бразилия мен Оңтүстік Кореяны жеңіп, жартылай финалға шықты.