Спорттық гимнастикадан Болгарияның Варна қаласында өтіп жатқан Challenge Cup әлем кубогінде төрт қазақстандық спортшы финалға өтті, деп жазады Sportbugin.kz.
Дмитрий Патанин мен Асан Салимов еркін жаттығудан финалға өтті. Іріктеуде Патанин 2, Салимов 6-нәтиже көрсеткен.
Гимнастикалық ат снарядындағы іріктеуде Нариман Курбанов 1, Зейнолла Ыдырысов 2-орынға табан тіреп, ақтық сынға жолдама алды.
Сондай-ақ, шығыршықтағы жаттығуда 13.600 ұпаймен 8-орын алған Дмитрий Патанин финалдық кезеңде бақ сынайды.
Айта кетелік, жақында қазақстандық гимнастар Азия чемпионатынан табысты оралған болатын. Ташкенттегі сында Милад Карими 1 алтын, 2 күміс, Нариман Курбанов 1 алтын жеңіп алды.