Бұл күндері Астанада семсерлесуден Қазақстан біріншілігі өтіп жатыр. Шпагадан ерлер арасындағы бәсекеде ұлттық құрама үздіктері чемпион атана алмады, деп жазады Sportbugin.kz.
Париж Олимпиадасына жолдама алған Эльмир Алимжанов, Руслан Курбанов, Ерлік Сертай және Вадим Шарлаимов төрттігі алтын медальға жете алған жоқ.
Финалда Эльмир Алимжанов жас спортшы Кирилл Павловтан ұтылып, күмісті қанағат тұтты. Осылайша, ШҚО өкілі Павлов Қазақстан чемпионы атанды.
Қола жүлдені жасөспірімдер командасының мүшесі Богдан Лукин мен тәжірибелі спортшы, әлем чемпионатының жүлдегері Руслан Курбанов иеленді.
Ал Ерлік Сертай алғашқы бестікті түйіндесе, Вадим Шарлаимов 8-сатыда.