Спорттық гимнастикадан Ташкентте өткен әйелдер арасындағы Азия біріншілігінде Қазақстан құрамасы тұңғыш медалін иеленді, деп жазады Sportbugin.kz.
Аида Бауыржанова еркін жаттығудан 13.066 ұпай жинап, қола жүлдегер атанды. Бұл Аиданың ғана емес, Қазақстан әйелдер құрамасының құрлық додасында алған алғашқы жүлдесі.
1996 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан Азия біріншілігінде Қазақстан әйелдер құрамасы бірде бір медаль алмаған.
Бұл сәтсіздік сериясын Аида Бауыржанова бұзып отыр. Аида биыл әлем кубогі кезеңдерінде екі рет финалға шықты.
Алайда, Париж Олимпиадасына жолдама ала алған жоқ.