Дзюдодан Париж Олимпиадасына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды, деп жазады Sportbugin.kz.
Парижде өтетін XXXIIІ Жазғы Олимпиада ойындарына дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасынан 8 дзюдошы қатысады. Оның жетеуі – өз салмақ дәрежелерінде жекелей сайысқа қатысса, бір спортшы аралас-командалық жарыстың лицензиясына ие болды.
Париж Олимпиадасында Қазақстан намысын қорғайтын дзюдошылар:
Әйелдер: Абиба Абужақынова (48 кг), Камила Берліқаш (+78 кг), Эсмигүл Куюлова (аралас-командалық жарыс).
Ерлер: Елдос Сметов (60 кг), Ғұсман Қырғызбаев (66 кг), Данияр Шамшаев (73 кг), Абылайхан Жұбаназар (81 кг), Нұрлыхан Шархан (-100 кг).
Парижде өтетін XXXIIІ Жазғы Олимпиада ойындарында дзюдо бәсекесі 27 шілде мен 3 тамыз аралығына жоспарланған.
Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі
Фото: Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі