Венгрия астанасы Будапештте еркін күрестен рейтингілік турнир жалғасуда. Бүгін 86 келідегі балуандар сынға түсуде, деп жазады Sportbugin.kz.
86 келіде Азамат Дәулетбеков ел намысын қорғауда. Дәулетбеков бірінші айналымда Сан-Марино өкілін 3:1 есебімен, екінші кезеңде венгриялық спортшыны 3:0 есебімен жеңген.
Өкінішке қарай, жартылай финалда әлем және Олимпиада чемпионы Хасан Язданиге есе жіберді. Есеп: 0:10.
Енді Дәулетбеков турнирдің қола жүлдесіне таласады.
Айта кетелік, кешегі жарыс күнінде Әлішер Ерғали чемпион атанса, Юсуп Батырмұрзаев күміс, Ризабек Айтмұхан қола жүлдегер атанды.