13 маусымда Үндістанда (Гандинагар) шахматтан әлем чемпионаты өтіп, қазақ баласы топ жарды, деп жазады Sportbugin.kz.
Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының студенті Нөгербек Қазыбек бірінші орынды жеңіп алды.
Турнирге 123 шахматшы қатысты, оның ішінде 13 гроссмейстер және 28 халықаралық спорт шебері бар.
Қазыбек «Үстел спорты» (шахмат) бойынша педагог-жаттықтырушы инновациялық білім беру бағдарламасы бойынша оқиды. Бұл жеңіс Қазыбекке алтын медаль ғана емес, Әлем Кубогына жолдама алып келді.
Бұл жетістік Қазыбекті жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жеткен Қазақстандық санаулы шахматшылардың қатарына қосады, оған дейін бұндай жеңіске үш қазақстандық қана қол жеткізген.