Футболдан Еуро-2024 додасында венгриялық ойыншы ауыр жарақат алып, жарыс жолынан шығып қалды, деп жазады Sportbugin.kz.
Топтық турнирдегі соңғы матчта Венгрия мен Шотландия командалары кездескен болатын.
Ойын аяқталар тұста венгриялық Барнабаш Варга қарсылас команданың қақпашысымен соқтығысып, ауыр жарақат алды.
Дәрігерлер ойыншыны камералардан қорғау үшін ширма пайдалануға мәжбүр болды. Кейін Варганы алаңнан зембілмен алып кетті.
Венгрия командасының бас бапкері Марко Россидің айтуынша, футболды Еуроны әрі қарай жалғастыра алмайды.
«Оның жағдайы тұрақты деп естідік. Қазір дәрігерлер бақылауында. Оның бет сүйегі сынып кеткен. Оған ота жасай ма, жоқ па, белгісіз. Бір анығы – ол Еурода әрі қарай ойнамайды», — деді бас бапкер.
Айта кетелік, Венгрия Шотландияны 1:0 есебімен жеңіп, Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алды.