Нұрбек Оралбай Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарындағы жарыс жолын аяқтады, деп жазады Sportbugin.kz.
90 келіге дейінгі салмақта өткен ширек финалдық кездесуде отандасымыз Өзбекстан боксшысы Тұрабек Хабибуллаевпен кездесті. Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілердің бөлінген шешімімен Хабибуллаев жеңіске жетті.
Бірінші раундта өзбекстандық боксшы Хабибуллаевты 10:9 есебімен алға шықты. Екінші раундта үш төреші қазақстандық боксшыны басым деп таныса, екі төреші Хабибуллаевқа басымдық берді.
Шешуші үшінші раундта Нұрбек бар күшін салып, бірнеше рет дәл соққыларын дарытты. Алайда жекпе-жектің жалпы қорытындысы бойынша төрешілер 3:2 есебімен Тұрабек Хабибуллаевтың жеңісін тіркеді.
Осылайша, Тұрабек Хабибуллаев Азиаданың жартылай финалына жолдама алды. Ал Нұрбек Оралбай жарысты жүлдесіз аяқтады.
Айта кетейік, қос боксшы бұған дейін
2026 жылғы Гуйян қаласында өткен әлем кубогының екінші кезеңінде кездесіп, өзбекстандық боксшы төрешілердің бөлінген шешімімен жеңіске жеткен болатын.
